Қазақстандық дзюдошы Айболат Ыстыбай осы күндері Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан Гран-при турнирінде қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Sports.kz сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы 66 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдесуде Кипр өкілі Георгиос Баларджишвилимен кездесіп, шидодан жеңіске жетті. Бұл - осы турнирде ел қоржынына түскен алғашқы медаль.
Жарысқа 85 елдің дзюдошылары қатысуда. Ең көп спортшы — Италия мен Франциядан барған (әрқайсынан 23 дзюдошы). Турнирге Қазақстаннан барлығы 11 дзюдошы қатысуда.
Айта кетейік, Гран-при кеше, 18 тамызда басталып, 20 тамызға дейін жалғаспақ.