Қазіргі Жаңа Қазақстан қоғамындағы ең өзекті мәселелердің бірі – ол сыбайлас жемқорлықпен, яғни коррупциямен жан-жақты күресу. Соның ішінде ең негізгісі сыбайлас жемқорлыққа әкелетін факторлардың алдын-алуымыз керек. Ол үшін әрбір мемлекеттік қызметшінің халық атынан өзіне сеніп тапсырылған өкілеттілікке жауапкершілікпен қарауы, тек қана жеке бастың қамын ойламай, елдің де жүгін арқалай білуі тиіс екенін түсінуі, қандай да болсын әріптестері тарапынан болатын құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытпауы және де кәсіби біліктілігі мен әдептілігінің арттырып, парақорлықтың кесірін терең сезінуі қажет екенін білуі өте маңызды. Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін қатаң сақтап айналасына үлгі болуы басты шарт!
Ең бастысы, сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырғанын саналы түрде түсініп, қоғамымыздың ең басты қауіп-қатерлерінің бірі екенін терең сезіне білуі тиіс.
Сондықтан да коррупциямен бітіспес күрес жүргізу тек қана мемлекеттің немесе құқық қорғау органдарының жұмысы емес, ол әрбір Қазақстандық азаматтың қасиетті парызы! Жемқорлықпен күресуді бүкіл қоғам болып бірігіп қолға алсақ қана тоқтатуға болады.
Міне, сонда ғана біздің Жаңа Қазақстан өсіп-өркендеп алға қарай үздіксіз дами беретін болады.
Маңғыстау облысы бойынша
Қазынашылық департаменті
басшы орынбасары
Д.Келдибаева