Ақтау дзюдо академиясының жас шәкірттері Түркияда өткен турнирден жеңіспен оралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Грузия, Румыния, Болгария, Түркия, Қазақстан мемлекетінің жасөспірімдер құрамасы қатысқан халықаралық турнирде 700-жуық палуандар бақ сынады. Соның ішінде МО “АТ Дзюдо Академиясың” палуандары 6 жүлдеге ие болды.
Мәселен, 46 келіде Мирас Кемаладин (2013) чемпион атанса, 30 келіде Мәди Егеубай (2012), 42 келіде Әлішер Төлеген (2011) 50 келіде Қайсар Шаниман (2012) күміс медаль еншіледі. Сондай-ақ, 40 келіде Абылай Сәуірғали (2016) мен 52 келіде Әдина Төлеген (2011) қола медальға қол жеткізді.
«Judo Academy by Adil Temirkhan» академиясының басшысы Әділ Темірханның айтуынша, жас жеткіншектер халықаралық сында табысты өнер көрсеткен.
"Клубымыз 2017 жылы ашылған еді. Содан бері жасөспірімдерді дзюдо бойынша жаттықтырып келемін. 2 жыл бұрын ашылған академиямызда жаттығатын балуандар шетелде шығып, байрақты бәсекеде өте үлкен турнирде күресіп, жоғары жетістікке қол жеткізді. Балалардың күресі ойдағыдай өтті. Осыған орай еш қысылмай күресіп, ойлаған межесіне жете алды. Шәкірттерімнің жетістігіне қуаныштымын", - деді Әділ Темірхан.