Ақтауда алғаш рет ҚР мәслихаттарының 30 жылдық мерекесі аясында футзалдан әуескойлар арасында турнир өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Еліміз бойынша VIII-ші чемпионаты ретінде өткен доп додасына еліміз бойынша 35 команда сынға түсті.
Турнир қорытындысы бойынша Қызылорда облысының «Muslim» командасы топ жарса, екінші орынға жаңаөзендік «Burgylau» командасы тұрақтады. Ал үшінші орынды Атырау облысының Құлсары қаласынан келген «Jiger» клубы иеленді.
Ал біріншіліктің "Үздік қақпашысы" аталымында Батыржан Боранбаев (Muslim) атанса, "Үздік қорғаушы" Абат Ескендірге (Мұрагер) бұйырды. Сондай-ақ, "Үздік сұрмерген" Алым Райхановқа (Аllopizza.kz) табысталды. Ал "Үздік ойыншы" Бақытжан Нұрмұханов (Бұртылау), "Fair Play" Диас Егінжановқа (Asyl), "Үздік көмекші" Исламбек Кулекеновке (Asyl), "Спорт ардагері" Ереділ Нұрбергенге (Бұрғылау), "Көрермендер көзайымы" аталымы Файзали Сардаровқа (Жігер) салтанатты түрде табысталды.