©
Ақтау қаласы бойынша бірқатар шағынаудан тұрғындары ауыз су тоқтап қалғанын айтып, шағымданып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аймақ әкімінің телеграм арнасында қала тұрғындары ауыз су жоқтығын айтып, наразылықтарын білдіріп жатыр.
- «Қала бойынша бүкіл шағынаудан ауыз сусыз қалып отырмыз. Суды қашан бересіздер? Ақшамыздың барлығы дүкендерден ауыз су сатып алуға кетіп жатыр. Шаршадық. Беті-қолымызды, кір киім-кешектерімізді жуа алмай отырмыз. Ыссы судың жоқтығы ештеңе емес, қарапайым ауыз суға зар болып отырмыз. Түнімен су күзеттік», - дейді тұрғындар.
Ал «Каспий жылу су арнасы» басшысының орынбасары Үсенов Ислам қала бойынша су қысымы төмендеуінің себебін анықтап жатқанын айтты.
- «Ауыз су бойынша жұмысшылар тексеріп жатыр, себебін анықтағаннан кейін қосымша ақпарат беріледі, - дейді Ислам Үсенов.