Бұл туралы Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров өзінің Іnstagram парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мақсат Оңғарбайұлының айтуынша, “Helios” компаниясымен келіссөз жүргілізіп жатыр. Қала әкімі алдағы уақытта Жаңаөзенде “Helios” жанар-жағармай құю бекеттерін салуға жер бөлу мәселесі қарастырылатынын жеткізді.
Қала тұрғындары жағымды жаңалыққа қуанып, әкімнің жазбасына оң пікірлерін білдіріп жатыр. Сондай-ақ, Мақсат Ибағаровтың жазбасында жазылған пікірге сүйенсек, қала тұрғындары “Helios” бекетінен жанар-жағармай құю үшін осы уақытқа дейін Жетібай кентіне барып жүрген.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ