Қаңтардың 13-інен 14-іне қараған түні Түпқараған ауданына қарасты Аташ елді мекенінде газдан улану жағдайы орын алған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімдіктің ақпаратынша, газ тұншықтырғыш емес, табиғи газ екені анықталған.
Түпқараған аудандық орталық аурухананың басшысы Гүлшат Бақытқызының айтуынша, дәл қазіргі таңда жағдай тұрақты. Газдан улану дерегі тіркелісімен жедел-жәрдем қызметі жетіп, алғашқы көмек көрсетілген. Жергілікті учаскелік полиция мен терапевт маман оқиғаның мән-жайын, азаматтардың денсаулығының жай-күйін анықтады. Орталық ауруханадан тексерістен өткен балалар қазіргі уақытта мектепте білім алып жатыр, балалармен бірге оқиға орнында болған азаматша жұмыс орнында.
Айта кетейік, газдан уланғандар 2007, 2008, 2012, 2017 жылы туған балалар мен 58 жастағы әйел.