Желтоқсанның 20-22 аралығында Алматы қаласында комбат джиу-джитсудан өткен халықаралық турнирден маңғыстаулық жасөспірімдер 7 жүлдені қанжығаға байлап қайтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Байрақты бәсекеде Маңғыстау ауданының жас джитсерлері 3 алтын, 5 қола медальді еншіледі.
Алтын жүлдеге Ақырыс Әбдразақова, Дулат Шырақбай мен Мәди Қуанов ие болса, қола медальді Ернар Қарғабаев, Атамұрат Аманқосов, Айдын Өтеш, Бақдәулет Жиеналы және Айбек Закарин алды.
Турнирге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзербайжан командаларымен қоса Қазақстанның 14 аймағы мен 3 қаласының спортшылары қатысқан.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ