Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Өз кәсібінің шебері атанған үздіктер мен жарқын жаңалығымен танылған жаңа есімдерді анықтау мақсатындағы салтанатты шараны аудан әкімі Қыдырберді Беков ашып, көпшілік қауымды жыл жетістігімен құттықтады.
"Жыл адамы" конкурсының жеңімпаздары 11 номинация бойынша бағаланып, жүзден жүйріктер анықталды.
Атап айтсақ:
1. «Жылдың үздік мемлекеттік қызметкері» атағымен Отарбаева Айгүл Өтемұратқызы, Құрық ауылы,
2. «Жылдың үздік меценаты» Табылдиев Дүйсебай Аманханұлы
3. «Жылдың үздік кәсіпкері» Нахуов Нұрлан Бақтығалиұлы, Жетібай ауылы
4. «Жылдың үздік мұғалімі» Бектілеуова Баян Төлепбергенқызы
5. «Жылдың үздік дәрігері» Хасанов Нұрлан Сәрсенбайұлы
6. «Жылдың мәдениет және өнер қызметкері» Ибраев Әбуғали Күмісқалиұлы, Жетібай ауылы
7. «Жыл спортшысы» Каратэ-то киокушинкайдан Европа чемпионы Ізтаңатова Гүлназ Досатқызы
8. «Жыл полициясы» Бекмурзин Әлібек Әбжетұлы
9. «Жылдың жас еріктісі» Мақсат Жұмасат Ербулатұлы
10. «Жылдың үздік қаламгері» Абибуллаев Ақжол Қашағанұлы
11. «Жылдың үздік ауылшаруашылық маманы» Утарбаев Нұрбол Кенжеғұлұлы, Мұнайшы ауылы
Әр номинация бойынша үздіктерді сол саланың ардагері, партия, қоғамдық бірлестік басшылары және аудан әкімі марапаттады. Кешті Халықаралық ән байқауының Гран При иегері Сансызбай Балауса бастаған аудан өнерпаздары әнмен әрледі. Ал, салтанатты шара соңы Мұнайлы аудандық Мәдениет, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы, Маңғыстауға танымал әнші, ақын, сазгер Есенбай Құлидың концерттік бағдарламасына ұласты.