11 шағын аудандағы 7Б үйдің шатырынан секіріп, өмірімен қоштаспақ болған ер адамды полицейлер құтқарып үлгерді. Оқиға 2 шілде күні шамамен кешкі сағат 20:30-да болған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. "Алау-11" тобының тәртіп сақшылары Ұланбек Қылыш пен Қуаныш Сансызбай аумақты патрульдеу кезінде қыз баланың айқайлаған даусын естіп, үйдің 11-қабатында тұрған жас жігіттің өз-өзіне қол жұмсауға ниетті екенін көреді. Полиция қызметкерлері ер адамды құтқарып, оны қабатқа көтеріп шыққан. Оқиғаға жігіттің қызымен жанжалдасуы әрі алкогольдік ішімдік әсерінен мас күйінде болуы себеп болған. Аталған дерек бойынша ер адам Ақтау қалалық полиция басқармасына жеткізіліп, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 1-тармағы бойынша хаттама толтырылған.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
[embed]https://youtu.be/pfHPtxy8egE[/embed]