Ақтауда 26-маусым күні Астана алаңында нашақорлыққа қары күрес күніне орай Маңғыстау облыстық полиция департаменті акция ұйымдастырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Өңірлік Полиция департаментінің басшысының бірінші орынбасары Халмұрадов Амангелді Хайырмұхамедұлының нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердің жұмысына толағай табыс тіледі. Шара асында есірткі саудасымен күрес және осы мәселеден келетін зауалды насихаттап жүрген бір топ азаматтарға сый-құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, есірткінің адам өміріне аса қауіпті екенін түсіндіретін және өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына шақыруға бағытталған арнайы түсірілген бейнеролик жиылған қауымның назарына ұсынылды.
Есірткі сатумен айналысатын 5 адамнан құрылған бір қылмыстық топ құрықталды. Қазір олардың ісі сотқа жіберілді. Олар 15 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Аймақта 3 есірткі сынақтары анықталған. Азаматтар есірткі қолданғаны және сақтағаны үшін жазаға тартылды. Соңғы 3-4 жылда мектеп, колледж, жалпы білім беру ұйымдарында алдын-алу шараларын белсенді жүргізіп келеміз. Статистикаға сүйенсек, заңбұзушылықтар соңғы 5 жылда азайып жатыр, - дейді Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі Камиль Будайчиев.
Бүгінгі шарамыздың нақты мақсаты адамдарға болашақтың есірткісіз болатынын түсіндіру. Жастар арасында есірткісінің "спайс" деген түрі кең тараған. Бұл адам өміріне аса қауіпті деуге болады. Маңғыстау облысында инъекциялық есірткілерді қолданаты және АИТВ – мен өмір сүруші адамдардың саны шамамен 324, - дейді ЖИТС орталығының аутрич қызметкері Мұрат Муса Ерниязұлы.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ