Бұл туралы Ақтау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қала халқының саны артуына байланысты, жаңа шағын аудандар салынып жатыр. Тұрғындарға қала ішінде қатынайтын қоғамдық көліктердің қажеттілігі туындады. Осыған орай қаладағы барлық жоғарғы аудандарды қамтитын №1 маршрутты жаңа автобус іске қосылмақ.
Қоғамдық көлік өз жұмысын 14 қыркүйек күні бастайды. Жүру бағыты 29А мен Шығыс1 аралығындағы «Сенім» емханасынан, 17 шағынаудан «Грин Парк» тұрғын-үй кешеніне дейін қатынайды.Қалалық тұрғындарының өтініші бойынша 31Б мен 32Б шағын аудандарына №2 маршрутты автобусы жүретін болады. Бұл автобус қыркүйек айының 24-нен бастап жаңа сызба бойынша қатынайтын болады.