©
Халықтың сұранысы бойынша, Ақтауға 12 нөмірлі автобус маршруты қосылады. Бұл туралы Ақтау әкімі Ғалымжан Ниязов халыққа есеп беру кезінде айтты.
Қала ішіндегі маршруттар жиілігі – 6-7 минут, одан ұзақ емес. Бұл жағдай бойынша мәселе жоқ. Ақтау ішіндегі автобустар жақсы қызмет атқаруда, олардың ішінде – жартысы шетелдік маркадағы автобустар, - дейді Ғалымжан Ниязов.
Бұдан бөлек қала әкімі Өмірзақтан келетін тұрғындардың автобус 1-2 сағатсыз келмейтінін айтып шағым түсіргенін ескертті. "Сол себепті біз Өмірзақ-Ақтау маршрутына 2 автобус қосып, 35 минут сайын келетін қылып жиілеттік", - деді әкім.
Айта кетейік, Ақтау қаласы бойынша 68-дей автобус жолаушыларды тасымалдау маршрутына қарайды. Барлық маршруттардың жүріп өту қашықтығы – 176 километр.