Маңғыстауда қазақ сыныбына баратын өзге ұлт балалары көбейген
[ 2017 ] 14 қыркүйек, 12:55 | Жаңалықтар
Маңғыстауда қазақ тілін үйренуге деген құлшыныс артып келеді. Мұның дәлелі – өзге ұлт өкілдері балаларын балабақшада қазақ тобына тіркеп, мектепте қазақ сыныбына беруді қолға алған.
Бұл туралы бүгін брифингте Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы басшысы Гүлзайда Төлеуғалиева мәлімдеді.
2016 жылы орта мектепте қазақ сыныбында оқитын өзге ұлт балаларының саны 397 болса, биыл 701-ге көбейген. Ал былтыр балабақшада қазақ топтарындағы өзге ұлт балаларының саны – 473, биыл 735 бала болып отыр.
Гүлзайда Төлеуғалиеваның мәлімдемесіне сәйкес, Маңғыстау өңіріндегі тіл ахуалына жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижесі төмендегідей болып шықты:
Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі
93,4% болса, орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі
47,4 % болыпты. Ал ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың халық санының
8,2%-ы екен. Үш тілді меңгерген тұрғындардың үлесі –
7 %.
Брифингте басқарма басшысы Гүлзайда Бектұрқызы «Журналистер қазақ тілін меңгеру үшін қайда хабарласа алады? Тегін курстар бар ма?» деген орыстілді журналистің сауалына былай деп жауап берді:
- Мемлекеттік тілді меңгергісі келетін кез келген тұрғын үшін тегін оқыту курсы ашылады. Ол үшін біздің басқармаға келіп журналистер қауымы арыз жазу керек. Мәселен, Мұнайлы ауданында биылдан бастап мемлекеттік қызметшілерге арнап орыс тілін үйрену курсын аштық. Оқу тегін. Оқуға ниет болса, курс ашу қиындық тудырмайды. Менің атыма арыз жазыңыз, - деді ол.
Айгүл ДӘДЕН
979
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.