©
Осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша облысымыздағы 3 компанияда мұнай өндіру көлемі төмендеді. Бұл туралы дүйсенбі күні өткен аппарат мәжілісінде экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Халила Нұрғалиева мәлімдеді.
Атап айтсақ, «Өзенмұнайгаз» АҚ-да осы жылдың алғашқы 6 айында 2703,2 мың тонна, «Бозашы оперейтинг лтд» компаниясында 703,9 мың тонна, «Қарақұдықмұнай» ЖШС-да 213,5 мың тонна өнім өндірілген.