7 мамыр - Отан қорғаушылар күні Жаңаөзен қаласындағы №20 орта мектепте ұландар слеті өтті. Аспан бұлттасып, аздап жаңбыр сіркіреп жауғанына қарамастан мереке күні жиналғандардың көңіл-күйі тамаша болды. Шараға қала әкімінің орынбасары Исахан Сағынбаев, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Қуандық Бекмағамбетов, Қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Марат Қасымов қатысты. Қала әкімінің орынбасары И.Сағынбаев сапта тұрған жас ұландарды, жиналған көпшілікті мемлекеттік мереке — Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. Байқауға сап түзеп келген №6,7,8, 20, 21 мектеп оқущылары өз өнерлерін көпшілікке ұсынды. Жоғары дәрежедегі ұжымдық дайындық нәтижесінде №8 орта мектеп бас жүлдені, № 21 орта мектеп I орынды, №7 орта мектеп II орынды иемденсе, №6 және №20 орта мектептер III орынды қанағат тұтты . Барлық қатысушыларға қала әкімдігі атынан бағалы сыйлықтар табысталды.
[caption id="attachment_2541" align="aligncenter" width="610"] Бас жүлдегер "Жасұлан" тобы[/caption] Ел іргесін бекем, бейбітшілікті берік, халық тыныштығын қорғаушы Өрені биік ер-азаматтар аман болсын! Мереке құтты болсын!Жазира АҚБЕРГЕНОВА