Ұлы әкесінің ер-тұрманын ұялы телефон айфонға айырбастайды... Оқиға негізі осылай өрбиді. Ер тұрманды ердің құнына бағалаған әке ұлына мұның маңызын түсіндіруді ойлайды. Кейін ұл әкесін кредит алуға көндіруге тырысып бағады. Ауылдағы жерді сатып, бизнес жасайық дейді. «Туған жерімді сатпаймын» дейді әке.
https://www.youtube.com/watch?v=8A7OgpvSxAUҰмыт боп бара жатқан қазақтың салты, отбасыдағы әке мен баланың рөлі, ұрпақтар сабақтастығы шынайы бейнеленеді. Қазақ ұлтының шамадан тыс қонақжайлығы мен ақкөңілдігі сыналады. Әке бауыр еті баласының әулет абыройын асқақтатып, әлеуметтің жайын ойлар азамат болып өскенін қалайды. Ал, бала қашанда жаңаға ұмтылады. Әке мен бала арасындағы тартыстың тамырлануын тек қана түсіністік пен мейірім ғана сақтап қалады. Кешегіге қарайлаудан гөрі жаңаның жетегімен жүруді жөн көретін, білім мен білікке көбірек сүйенген бүгінгінің жастарынан иба мен иман қатар сіңсе деп ойлайды. Талантты актер, сахна сайыпқыраны Бекжан Тұрыс ұлт дегенде ұлағатты сөз айтуға ұмтылатын сергек ойлы азаматтардың бірі ретінде, баласы Мағжан екеуі шымылдықсыз шындықты халыққа ұсынады!
Айта кету керек, «Ұлым, саған айтам» қойылымында Н.Жантөрин атындағы драма театр актерлері де ойнады. 27 ақпан түнделетіп келген Алматы делегаттары жергілікті ұжыммен тек 1 күн дайындалады. «Бекжан Тұрыстай талантты актермен бір сахнада қойылымда ойнау – біз үшін мәртебе», дейді театр актерлері.
Видеоны түсірген ТАЛАНТ ҚҰСАЙЫН