Ашығын айту керек, ғылыми жетістік өндірісте кәдеге аспайынша, өміршең болмайды. Мәселен, Маңғыстауда түйенің жүні түкке жарамай, өртеліп жатыр. Шаруалар мал өнімін өткізуден бұрын оны өңдейтін орын таппай дал.
«Жылына шамамен 150 мың тонна жүн далаға тасталады. Іске жаратудың жолы ашылса, пайда түсер еді», - дейді малшылар. Өңірде 500-ге жуық жеке шаруа қожалығы Ойсылқара түлігін бағады. Жалпы, төл басы 50 мыңнан асады. Әр түйеден үш келіге дейін жүн алуға болады.
Ал облыстағы жалғыз жүн қырқу цехы Маңғыстау ауданында орналасқан. Шағын кешен ішкі сұранысты толық қамтуға қауқарсыз. Осыны ескерген жауапты ведомство арнайы субсидия бөлуді шешіп отыр. Бұдан бөлек атыраулық кәсіпкерлер жүн келісін 300 теңгеден сатып алмақ.
Мейрамгүл Жарылғасова, жеке шаруа қожалығының иесі:
- Күзейміз де, далаға тастаймыз. Жүндерді қабылдайтын жер болса, бізге жақсы болар еді. Қолымыз қысқа болып отыр. Далаға тастап отырмыз.
Талғат Балтабеков, өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- 174 млн теңге қаражат бөлуді сұрап отырмыз. Соның ішінде 105 млн теңге сүттік түйе - аруана сатып алуға, қалған 69 млн теңгені бағдарлама бекітілгеннен кейін сұраймыз. Ол түйе етін, сүтін, жүні мен терісін субсидиялауға бағытталады.Дереккөз: Хабар 24.kz