Дәл осындай тақырыпта Ақтау қаласында жастар акциясы өтті. Шара аясында жасотандықтар еліміздің көк байрағымен селфи жасап, «kz» деген жазуды бейнелеген флешмоб ұйымдастырды.
— Бүгінгі шара Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр. Мерейтойға орай жалпы 25 шара өткізу жоспарланған, оның 20-сын ұйымдастырдық. Басты мақсат-егемен еліміздегі отансүйгіштік сезімді арттыру, жастарды елінің патриоты болуға тәрбиелеу, еліміздегі бірлік пен татулықты насихаттау. Бүгінгі шараға Астанада Елбасы қатысатын жастар форумына баратын жасотандықтар да қатысты. Белсене қатысқан барлық жастарға алғыс айтамын,-дейді «Жас Отан» жастар қанаты Ақтау қалалық бөлімшесінің басшысы Айтжан Шоқанов.
Жалпы бүгінгі таңда облыс орталығында 700-ге жуық жас «Жас Отанның» мүшесі саналады. Олардың арасынан таңдалып алынған 20 жас елордада Тұңғыш Президент күніне орай өтетін форумға қатысады деп жоспарланған.
Венера МИРЛАН