©
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен тілдер апталығы аясында ұйымдастырылған «Тіл білген тіленбес» тақырыбында шығарма байқауы қорытындыланды. Түпқараған аудандық ішкі сясат және тілдерді дамыту бөлімінің әлеуметтік тапсырысы негізінде жүзеге асқан жобаны аудандық білім бөлімі мен «Қолдау» орталығының бірлескен жоспары негізінде ұйымдастырған болатын. Байқау қатысушыларының шығармалары «Үш тұғырлы тіл» саясатын жеткізуі мен шығарманың тілдік, стильдік ерекшелігі арқылы бағаланды.
15 үміткер қатысқан шығарма байқауында 4 жүлделі орын мен байқауға қатысқан барлық қатысушыларға да ынталандыру мақсатында сыйлықтар ұсынылды.
Аудан орталығы Форт-Шевченко қаласында биылғы оқу жылында іске қосылған 550 жаңа мектептің 11 сынып оқушысы Рамазан Кетебаев I орын (нетбук), Есбол Өмірбаев орта мектебінің 9 сынып оқушысы Айзада Мұрат II орын (қатқыл диск), Ақшұқыр мектеп лицейінің 11 сынып оқушысы Индира Латипова III орын (аккустикалық құрылғы), Форт-Шевченко мектеп–лицейі оқушысы Әсел Бақытова ынталандыруға (колонка) ие болды.
Мектептерге арнай барып табыс еткен ұйымдастырушы «Қолдау» орталығының директоры Милана Елеусінова:
- Шығарма байқауы ауданда үнемі ұйымдастырылып жататды. Бұл байқау да сондай шығарма жазу арқылы өтетін байқау. Осы жолы оқушылардың шығармалары арқылы тіл білуге деген талпыныстары мен ізденістері қандай екенін білгіміз келді. Бір оқушы өзінің меткебінің үш тілде білім беруге көшкенін айтса, бірі Түркияда өткен жазғы демалысында өзінен ағылшынша сұраған ағылшын әйеліне ағылшын тілінде жауап бергенін мақтанышпен жеткізгенін өз шығармасында дәлел етіп келтіреді. Бірі балабақшадан ағылшын тілін үйренуге ден қойған кішкене інісін кейіпкер етіп алады. Байқауда ғаламтордан көшіріп қатысқандар да кездесті. Әділқазылар бағалу қорытындысында тиісінше берген бағалары мен баллдары арқылы орындар анықталды,-дейді.
Гүлсім ҚАРЫМСАҚОВА Суретке түсірген автор