Ауа-райының күрт нашарлауына байланысты теңізге шығуға тыйым салынады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
— Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті ескертеді: дауылды ескертпелер түскен кезде теңізге шомылуға, жүзу құралдарымен(қайықтың барлық түрімен) шығуға тыйым салынады. Сәуірден бастап бүгінге дейін тұрғындарға шаңды дауылды ескерткен 14 смс хабарлама жіберілді, — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар бүгін облыстың оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнауы мүмкін. Ал батысы пен шығысында шаңды дауыл күтіледі.
Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Теңізде толқынды дауыл болады.