Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Каспий теңізіне 30.04.2022ж. 01:00-де металл қайықпен балыққа шығып, қайта оралмаған 1994 жылғы Қазақстан Республикасы азаматы мен 1983 жылғы Өзбекстан Республикасы азаматын іздестіру-құтқару жұмысы жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
— Іздестіру-құтқару жұмысына департаменттен 2 техника, 2 қайық және 9 жеке құрам, «Казавиаспас» АҚ МИ-8 тікұшағы, ҚР Қорғаныс Министрлігі 29011 әскери бөлімі («Орал» кемесі мен 10 жеке құрам) және еріктілер жұмылды, — деді бөлімнің баспасөз қызметі.