Полиция із-түссіз кеткен Бейнеу ауданының тұрғынын іздестіруді жалғастыруда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
26 жастағы жергілікті тұрғын Айдана Айтбаева 29 наурызда сағат 11.00 шамасында белгісіз бағытқа кетіп, қайта оралмаған.
Полиция қызметкерлері көп пәтерлі үйлердің, коттедждердің, қараусыз қалған және салынып бітпеген үйлердің, ойын-сауық орталықтарының және аудан орталығындағы жалдамалы пәтерлердің шатырларына тінту жүргізуде.
Белгілері: бойы 160-165 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы иыққа дейін.
Үстіндегі киімі: тізеге дейінгі ұзындықта сұр күрте, көк джинсы шалбар, қара етік.
Айырықша белгілері: сол қолы қысқа.
Қыз туралы қандай да бір ақпаратқа ие болғандардың барлығына Бейнеу аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 8(72932)2-11-79 немесе 8(700)362-30-03, 8(701)302-60-33, 8(702)596-73-71 немесе 102-ге қоңырау шалыңыз.