Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған алаң наурыз айының соңында жағалауда орнатылған еді. Бұл жаңалыққа барша жұрт қуанған болатын, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Видеодан көріп тұрғандарыңыздай бірнеше ересек адам мүгедек балаларға арналған әткеншекке мініп алған. Ал қалғандары оларды барынша қатты шайқауға тырысып жатыр. Бұл әткеншектер ересек ер адамның салмағына емес, мүгедектер арбасында отыратын балаларға есептеліп жасалған. Қалаға алаң сыйлаған еріктілердің қоғамдық ұйымындағылар бұзақылардың әрекеттеріне реніштерін білдірді.
"Бұл алаңға 15 волонтер бүкіл тұрғыннан қаржы жинап, көптің көмегімен ашқан болатынбыз. Сау адамдардың мүгедектерге арналған мүлікке осылай қастандық жасауы жүрегіміздә ауыртты. Ондай азаматтарға ескертпе жасасаң, тіпті кешірім де сұрамайды және өздерін кінәлі деп санамайды, керісінше, ашуланып жауап береді. Біз Ақтау тұрғындарын барлық қалалық мүлікке ұқыпты қарауға және жасалып жатқан жұмыс пен еңбекті бағалауға шақырамыз", - деді волонтерлар.