Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар "Құрық-Жетібай" автомобиль жолына күрделі жөндеу жүргізілуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Жалпы ұзындығы 64 км трассаның бойында 4 демалыс объектісі, 8 автобус аялдамасы, 180 көше шамы және 17 жасанды конструкция орнатылады. Жол құрылысы өткен жылы басталды. Бүгінгі таңда 30 км айналма жол және 22 км негізгі жол салынды. Құрылыс алаңында 40 бірлік арнайы техника және 80-нен астам адам жұмыс істейді. Жоспарға сәйкес, жол құрылысын 2023 жылы аяқтау жоспарланған. Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев ауданға жұмыс сапары барысында жауапты тұлғаларға жол құрылысының сапасына ерекше назар аударуды тапсырды.