Қазақстандағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысында техникалық ақау туындады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
29 қыркүйекте ҚР мамандандырылған ХҚО жұмысында техникалық ақау пайда болды. Соның салдарынан жүргізуші куәліктерін беру – жүргізуші куәлігін алғаш рет алушылар мен қосымша санат алушылар үшін қызметтер қолжетімсіз. Қазақстандықтар теориялық және практикалық емтихандарды тапсыра алмайды. Көлікті қайта тіркеуге қою және жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметтері қолжетімді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, ақауды жою және қызметті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сервис жұмысының қалпына келтірілгені туралы қосымша хабарланатын болады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, делінген баспасөз хабарламасында.