Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің 3-отырысында «Жастарға арналған аймақ» бағдарламасының 2021 жылдың І жарты жылдығында орындалған жұмыстары талқыланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қоғамдық кеңес отырысына «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Әбілов, «Jas Otan» жастар қанатының қала мен аудандардағы бөлімше басшылары және жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері, қала мен аудандағы төрағалары және мемлекеттік басқарма басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасының «Жастар арналған аймақ» бөлімінің 2021 жылдың І жарты жылдығында орындалған жұмыстары есебі және 2025 жылға арналған «Жастар Отанға» бағдарламасының орындалуы туралы Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, «Jas Otan» ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Наурызбек Мағдатов баяндады.
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасының «Жастарға арналған аймақ» бөліміндегі «Жасыл ел» жазғы еңбек жасақтарын ұйымдастыру арқылы жыл сайын 1 мыңнан астам жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу индикаторы орындалған. Биыл «Жасыл ел» еңбек жасағына 1410 жас қатысқан.
Екінші мәселе бойынша Жаңаөзен қаласы бойынша жастар саясаты саласында атқарылған жұмыстары және алдағы міндеттері туралы «Жаңаөзен қалалық қоғамдық даму орталығы» КММ директорының м.а Ж.Амантурлиева баяндады.
Жаңаөзен қаласы бойынша 2021 жылы жұмысшы жастарды қоғамдық істерге тарту мақсатында «ӨзенИнвест» МКК жанынан Жас мамандар Кеңесі құрылған.
Сонымен қоса, Маңғыстау облысы бойынша 14-29 жас аралығындағы жастар қылмысының және өз-өзіне қол жұмсауы бойынша жастардың үлесін төмендету бойынша атқарылған жұмыстар туралы МО Ішкі істер департаментінің ЖПБ уәкілі Э.Хасанова, 3 ауысымдық оқытатын мектептер үлесін төмендету және студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету бойынша Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Г. Мамаева, Наркологиялық есепте тұрған жастардың үлесін төмендету бойынша жастармен атқарылған жұмыстар туралы МО Ішкі істер департаментінің Нашақорлықпен күрес басқармасының аға жедел уәкілі Д.Жамбаев күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасады.
Кеңес мүшелері баяндамашыларға сұрақ қойып, жауаптарын алды. Жастарды зиян әдеттерден сақтау бойынша ұсыныс айтылды. Кеңес қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырмалар мемлекеттік орган басшыларына жолданбақ.