Бүгін елімізде Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты ту төмен түсірілді.
Осы орайда Қазақстан халқының қайғысына ортақтаса отырып, бүгін Түркия Бас консулдығының жалауы төмен түсірілді. Аман болайық, деп жазды Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығы таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, бүгін елімізде Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы №28349 әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс салдарынан қаза болған азаматтарды еске алуға арналған Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланған болатын.