Соңғы екі аптада «ASHYQ» қосымшасы арқылы Ақтаудағы «Шум» сауда орталығы 32 536 адам, «Coffee boom» тамақтану орны 1 069 қонақ қабылдаған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Өңірлік Атамекен кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Аққу Айтжанованың айтуынша, жобадағы көшбасшылық қонақтар санын 10%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері "ASHYQ" жобасында белсенділік танытқан тамақтану орындары мен сауда үйлеріне келушілердің кіруін бақылады.
Біз бүгін "ASHYQ" жобасының көшбасшысы статусын алған тамақтану орнына келіп отырмыз. Екі аптада мыңнан астам қонақ қабылдаған кәсіпкерлік нысан жобаның «лидері» статусын алады. Қызметкерлеріміз жобаға қосылған нысандарда келушілердің барлығының статусын анықтап кіргізіп жатқандарын тексеріп тұрады, - дейді Аққу Айтжанова.
Айта кетейік, қазіргі уақытта облыс бойынша 2 387 кәсіпкерлік нысан «Ashyq-пен» жұмыс істеп тұр. Осы уақытқа дейін жоба аясында 1302 адамнан "қызыл", 516 адамнан " сары" статус анықталған.
Махаббат Нұржанқызы