ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында педагогтер мен мектеп персоналын вакциналауды тамыздың аяғына дейін аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ведомствоаралық комиссияның отырысында жаңа оқу жылына дайындық мәселесі де қаралды. Премьер-Министрдің орынбасары тамыз айының соңына дейін мынадай орындау туралы тапсырмалар берді:
- медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакцинациялауды аяқтау;
- санитариялық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету;
- педагогтар, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында Ashyq жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;
- білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
- мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау.
Ведомствоаралық комиссияның отырысында Премьер-Министрдің орынбасары басқа да бірқатар тапсырма берді.