Биылғы жылдың 7 айда Мұнайлы ауданы бойынша “Маңғыстау облысы кәмелетке толмағандарды бейімдеу” орталығына 34 кәмелетке толмаған бала орналастырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ата-аналардың бала тәрбиесімен айналыспай, өз құқықтары мен міндеттерін орындамай, жасөспірімдерді тұрғын-үйлерде қараусыз қалдырып, маскүнемдікке салынып балаларды тастап кететін жағдайлар белең алып жатыр, - делінген баспасөз хабарламасында
Балалардың тәрбиесімен айналыспай, негізгі міндеттерін орындамаған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 127- бабында көзделгендей кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу, оған білім беру ,оның құқықтарымен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау,негізінде заңды тұлғалармен ата-аналарына он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеміз.