Ақтауда демалыс күндері екпе алушылар қатары күрт көбейді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Әсіресе №1 емханада вакцина салдыруға кезекке тұрғандар көп. Қазір емханада 3 екпе кабинеті жұмыс істеп тұр. Төртінші кабинетті ашуға дайындалып жатыр.
Облыстың бас дәрігері кезекті реттеп, жағдайды бақылауда ұстауда.
Дәрігерлер тұрғындарға кезекті болдырмас үшін қаладағы кез келген емханаға барып, қажетті вакцинаны алуға кеңес беруде. Дәрігерлер де, емханалар да демалысқа қарамай жұмыс істеп жатыр, делінген қала әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.