Маңғыстау облысында кеше коронавирус сырқатына шалдыққан 194 адам емделіп шықты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
31 шілдеден бастап бүгінгі күнге дейін 1 393 маңғыстаулық сырқатынан жазылып шықты. Қазіргі уақытта стационарларда 1 161 науқас емделіп жатыр. Ал облыста кеше 240 адамнан коронавирус анықталып, 12 адам қайтыс болды.