Тәжірибе алмасу мақсатында шеберлік сағатын қолқа ауруына 5 жылдан аса уақыт ота жасап келе жатқан интервенциялық рентген-хирургі Ерсін Сабитов өткізді. Мамандар қолқаның үзіліп кетуін компьютерлік томография арқылы біле алады. Адамның қолқасы ажырап кеткенде ауырсыну сезімі болады екен. Кей кезде пациенттер осындай ауырсынуды сезгенде инфарктпен шатастырады дейді дәрігер. Айтуынша қолқа үзілгенде науқас травматикалық шоктан өліп кетуі де мүмкін екен.
Бұл науқастың жағдайы ауыр болды. Қолқаның бірінші дәрежелі ажырауы. Қан ағу белгілреі болды. Қолқаны эндоваскулярлы жолмен протездеп, науқасқа стент-графт құрылғысы салынды. Науқас отадан кейін тез арада қалыпты жағдайға келеді. Алдағы уақытта осы ауруханадағы мамандарға жүгініп, ота жасатуға болады, - дейді интервенциялық рентген-хирургі, «Семей медициналық университеті» КЕАҚ, Университеттік аурухананың эндоваскулярлық рентген хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Ерсін Сабитов.
Дәрігердің айтуынша қолқаның ажырауына қан қысымының жоғарылауы да әсер етеді. Мамандар қан қысымы көтерілген кезде немқұрайлы қарамауға шақырады.
Елімізде қолқаның үзілуіне байланысты жылына 200 ота жасалады
Махаббат Нұржанқызы
Суреттерді түсірген Талант Құсайын