Илон Маск қазақстандық колледж студенттерімен кездесуге уәде берді. Бұл жайында Еуропалық экономика және бизнес жоғары колледжінің негізін қалаушы Талғат Төремұратов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«SpaceX компаниясының негізін қалаушы, тең иесі, бас директоры және бас инженері, Tesla компаниясының басы идеялық шабыттандырушысы Илон Маск менеджерімен ұзақ уақытқа созылған хат алмасудан кейін Қазақстанның колледж студенттері үшін ZOOM платформасында кездесуге уағдаластық. Кездесу 2021 жылдың 1 мамырына жоспарланып отыр», - деп жазды Талғат Төремұратов Facebook-парақшасында.
Еуропалық экономика және бизнес жоғары колледжінің негізін қалаушы бұл кездесу жайында еліміздің Білім және ғылым министрлігін алдын ала хабардар ететіндігін де атап өтеді.