©
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияктерлік мектебі 9-12 сынып оқушылары мен колледж студенттеріне арналған «Caspian Startup -2021» стартап жобалар байқауына тіркелу басталғандығын хабарлайды. Пандемия әсерінен дәстүрлі байқау аралас форматта өткізіледі. Жарысқа Ресей, Түркіменстан, Түркия Әзербайжан елінің жастары қатыса алады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Пандемияға байланысты биыл байқау аралас форматта өткізіледі. Сондықтан тіркелу, іріктеу кезеңдері онлайн ұйымдастырылады. Тек финалға өткен 10 жоба ғана қазылар алқасының алдында өз стартапын қорғау мүмкіндігіне ие болады,- дейді ұйымдастырушылар.
«Caspian startup -2021» байқауының биылғы тақырыбы - «Жаңаратын энергия көздері». Мұндай тақырыпты таңдау арқылы оқушылардың назарын жасыл экономика, балаламалы энергия көздері саласындағы мәселелерге аударып, оны шешуге балаларды атсалыстыруды мақсат тұтып отыр.
Байқау жеңімпаздары құнды сыйлықтармен марапатталатын болады. Демеушілер бірінші орынға-ноутбук, екінші орынға –планшет, үшінші орынға – смартфон тағайындады.Ал ең ерекше әрі креативті жобаға Yessenov University ректорының білім гранты қарастырылған. Финалистер Astana Hub стартапшылар орталығының тренерінен стартап бастау тақырыбында дәріс алады.
Байқауға қатысу үшін алдымен үміткер өз стартапы туралы бес минуттық бейнеролик түсіруі керек. 12 сәуірге дейін caspianstartup.kz сайтына өтіп тіркелуден өтуі тиіс. 24 сәуірге дейін өз жобасының іріктеу кезеңінен негізгі кезеңге өткенін анықтауы тиіс. 26 сәуір 14 мамыр аралығында финалға үздік 10 жоба іріктеліп алынады. Ал мамырдың 28-і күні финалистер жобаларын өлкенің белді кәсіпкерлері мен демеушілер алдында қорғап, жеңімпаздар марапатталады.
Биыл жобаға «Jusan Bank», «Mediana Services Limited» IT-компаниясы, «Eco Waste Aqtau», Yessenov University және маңғыстау облыстық білім басқармасы қолдау білдіруде
Байқаудың толық ережесі caspianstartup.kz сайтында
Тел: 8 72 92 70 10 66; 8 701 123 08 85, 8 775 835 56 97.
E-mail: project@caspianstartup.kz