Бүгінгі күн "Маңғыстау Медиа" ұжымы үшін ерекше қуанышқа толы күндердің бірі болды. Көктеммен қатар келген қыздар мерекесінде әріптестердің бірінің туған күні болса, бірінің еңбегі еленіп, ел алғысына бөленді.
Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынов: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі», деген екен. Расымен де облыстағы тарихы тереңге кеткен облыстық «Маңғыстау» газеті мен «Огни Мангистау» газеті бүгінде өңір халқы үшін ерекше маңызға ие. Газет бетінде жазылған әрбір ақпарат ертеңгі тарих. Газет осындайлығымен құнды, осындайлығымен ерекше. Газет бетінде жазылған дүние талай ғасырларға сақталып, тарих бетінде мәңгіге қалады. Міне, «Маңғыстау Медиа» бүгінде облыстағы газеттер мен аудандық бес газеттің басын біріктіріп отырған ақпараттық орталық. Сонымен қатар, заман ағымымен ілесіп, ақпараттың жеделділігін тағы да арттырып, оқырман сұрасынысына жауап беру үшін сайт жұмысын да іске қосқан болатын.
Бүгін МО Ішкі саясат басқармасының басшысы Аманғали Нұрдәулетов журналист қыз келіншектерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен, көктем мерекесімен құттықтап редакциямызға арнайы келді. Облыс әкімі Серікбай Трұмовтың арнайы құттықтау хатын оқып беріп, «Маңғыстау Медиа» басшысы Айсұлу Дутбаеваға табыстады.
Аманғали Нұрдәулетов облыстағы журналистердің қарашаңырағы атанған «Маңғыстау Медиа» ұжымына өз алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
Сонымен қатар көктем мерекесімен қатар келген қуаныш талантты фотограф Талант Құсайынды туған күнімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Ал «Маңғыстау» газетінің бас редакторының орынбасары Валентина Қозыбақова мен заңгер Айнұр Тажибаеваға сайлау кезінде атқарған елеулі еңбектері үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хатын табыстап, жұмыстарына толағай табыстар тіледі.
Сондай ақ МО Ішкі саясат басқармасының басшысы Аманғали Нұрдәулетов Медиа басшысы Айсұлу Дутбаеваны да алда келе жатқан жекеменшік мерекесімен құттықтады. Айсұлу Дутбаеваға алғысын білдіріп, өңірдің ақпараттық жұмысын жоғары деңгейде үйлестіріп отырғанын атап өтті.