Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып Ербол Сарыев тағайындалды.
Ол 1974 жылы 12 мамырда Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1999 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекетік университетін автомобиль шаруашылығы мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1991-1999 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» ашық акционерлік қоғамында автомобиль жөндеу бойынша слесорі және жүргізуші қызметтерін атқарған.
07.07.1999 «Каспийавтосервис» жауапкершілік шектеулі серіктестігі, сауықтыру комплексінің қызметкері.
15.11.1999 - 06.04.2006 «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы, автомобиль жөндеу бойынша механигі.
12.04.2006 - 01.11.2006 Ақтау қаласы «Көктем» мемлекеттік коммуналдык кәсіпорын, инженер.
08.01.2007 - 05.11.2007 Ақтау қаласы «Көктем» мемлекеттік коммуналдык кәсіпорын, өндіріс мәселелері бойынша директорының орынбасары.
20.11.2007 - 14.08.2008 «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компания» акционерлік қоғамы, техникалық қызмет көрсету инспекторы.
14.08.2008 - 03.02.2010 «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компания» акционерлік қоғамы, әкімшілік департаментінің жетекші менеджері.
25.02.2010 - 16.02.2012 жылдар аралығында. «Өзентұлпар» мемлекеттік коммуналдык қазыналық кәсіпорынының директоры, Жаңаөзен қаласы "Өзенкөктем" мемілекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры. 03.04.2012 «Самурык-ЛТД» жауапкершілік шектеулі серіктестігі, директорының кеңесшісі.
24.08.2012 - 05.2014 "Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі автомобиль жолдары бөлімі" ММ. Зав.сектор, бастықтың орынбасары, бөлім бастығының қызыметтерін атқарған.
25.06.2015 Өмірзақ ауылы әкімінің міндетін атқарушы.
04.09.2015 Қазіргі уақытқа дейін Өмірзақ ауылының әкімі қызметін атқарып келді.