Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2015 жылдың 30 желтоқсанындағы №1131 санды қаулысына сәйкес, Сыбайлас жемқорлық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды марапаттауға арналған материалдарды қарастыру жөнінде арнайы комиссиясы бар. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Өзінің қызмет барысында комиссия Қазақстан Республикасының Конституциясын, нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131 қаулысымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларын, Ережені басшылыққа алады.
Тұлғаларды марапаттаудың өзінің шарттары, тәртібі бар,
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлау;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру;
3) Содан кейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін маңызы болған өзге де жолмен өзінің жәрдемін көрсету болып табылады.
Марапаттау егер тұлғаның берген ақпараты шындыққа сәйкес болса немесе, егер тұлғаның жемқорлық фактілерін анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге ықпал еткен болса және айыпты адамға қатысты :
1) әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген жағдайда;
2) айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда;
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің яғни ақтау негізінсіз қысқартылған қылмыстық істер бойынша қаулылары және ҚР ҚПК-нің 36-бабының негізінде соттың қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысы заңды күшіне енген жағдайда жүзеге асырылады.
6. Жоғарыда аталған Ереженің талаптарына сай, жемқорлық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен тұлғаның ақпараты негізінде :
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 айлық есептік көрсеткішке теңестірілген =87 510 тенгеге марапатталады;ъ
2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 айлық есептік көрсеткішке теңестірілген = 116 680 тенге;
3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 айлық есептік көрсеткішке теңестірілген = 145 850 тенге;
4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 айлық есептік көрсеткішке теңестірілген = 204 190 тенге;
5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 айлық есептік көрсеткішке теңестірілген = 291 700 тенге мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақы төленеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде Ереже қабылданған 2015 жылдың 30 желтоқсанынан бері осы бағытта бірқатар жұмыстар атқарылды.
Соңғы 3 жыл көлемінде арызданған 20 тұлғаның арыздары қанағаттандырылып, 3 600 000 теңгеге марапатталған.
Ереженің 2 тарауының 8,9 тармақтарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органы жемқорлық фактілерін хабарлаған тұлғаларды марапаттайтын бірғана уәкілетті орган болып табылады.
Сондықтанда сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы басқа құқыққорғау органдарына мысалы, прокуратура органына, полиция департаментіне т.с.с құқықорғау органына жүгінген, арызданған, тұлғаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органына өзін марапаттауға арыздануына болады. Біздің қызмет барысында тәжірибеде сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы кол центр орталығы, яғни 1424 телефонына қоңырау шалып, қылмысашылып, сот үкімі күшіне енген уақытта марапатталған тұлғалар кездеседі.
Сондықтанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте тәулік бойы 1424 шұғыл желісі жұмыс жасайды. 1424 телефонына қоңырау шалып, ақша бопсалап, пара беруге мәжбүрлеген жағдайда, кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірген жағдайда, жемқорлық фактілер, оның ішінде жасалған немесе дайындалып жатқан жемқорлық құқықбұзушылық туралы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруге болатынын естеріңізге саламыз.