Үйіңізде зиянкес жәндіктер пайда болса, мына қарапайым ережелерді есте сақтаңыз, делінген Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
- Үйіңізді өзіңіз улауға кіріспеңіз! Сіздің қолданып отырған дезқұралдар адам өміріне қауіпті болуы мүмкін. Тұрғын үйлерде ауыл шаруашылығында қолданылатын дезқұралдарды пайдалануға қатаң тыйым салынады.
- Есіңізде болсын, дезқұралдарды қолдану шарттары қауіптілік дәрежесімен белгіленеді:
- 1 сынып - өте қауіпті (жабық үй - жайларда аса қауіпті құралдарды пайдалануға рұқсат етілмейді, қолдану ұсынылмайды);
- 2 сынып - қауіптілігі жоғары (регламенттелген қолдану шарттарын (құрал шығыны, желдету және ылғалды жинау) сақтай отырып, адамдар болмаған кезде тыныс алу органдарын, көзді, теріні қорғайтын құралдары бар кәсіби контингенттің ғана қолдануы үшін ұсынылады );
- 3 сынып - қауіптілігі орташа (кез келген типтегі үй - жайларда регламенттелген Қолдану шарттарын (құрал шығыны, желдету режимі, жинау) сақтай отырып, кәсіби контингент пен тұрғындардың тұрмыста пайдалануы үшін ұсынылады);
- 4 сынып - қауіптілігі аз (қолдану аясын шектемей пайдаланылады). Дезқұралдарды қолдану міндетті түрде нұсқаулық (инструкция) арқылы жүзеге асырылады.
Тұрғын үйлерде зиянкес жәндіктерді жою мақсатында Ақтау қалалық тауарлармен мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Басқармасы ұсынады:
- Арнайы мамандандырылған дезинсекция жасау ұйымдарына хабарласуды;
- Мамандарының арнайы оқытылғандығы жөнінде құжатын немесе біліктілік куәлігін талап етуіңізді;
- Қазақстан Республикасы аумағында рұқсат етілген дезкұралдарды пайдаланатындығына көз жеткізуді (Қазақстан Республикасы Қоғамдық денсаулық сақтау Комитетінің ресми сайтындағы - Kooz.mz.gov.kz Қазақстан Республикасы аймағында рұқсат етілген тауарлар тізілімінде көрсетілген дезқұралдарды қолдану қажет);
- Залалсыздандыру жұмыстарының алдында келісім шарт жасақтауды; Қолайлы қоршаған орта қалыптастыру үшін, залалсыздандыру жұмыстары алдында, көршілеріңізге ескерту;
Еске сала кетейік, осыған дейін Ақтауда 2 шағынаудан 19 үй тұрғыны жәндіктерді өзі улап кетіп қалған. Оқиға салдарынан жоғары қабаттағы 9 айлық бала мен оның анасы қайтыс болды және 9 адам зардап шекті. Аталған іс бойынша Ақтау қалалық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 304 бабы, 5 бөлімі бойынша тіркеліп, сот медициналық-сараптама тағайындалды.
Пәтеріңізді улар алдында тұрғын үйге қызмет көрсететін мекемеге немесе МИБ (ОСИ) хабарласыңыз.