Бүгін Жаңаөзен қалалық Аналар кабинетінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мәслихат депутаттары Т.Болатбаева, О.Сейдов, А.Ноғаев және Ы.Наурызова тұрғындарды қабылдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қабылдау барысында тұрғындар материалдық қолдау мен жұмысқа орналасу бойынша көмек сұрады. Аталған мәселелерге байланысты өтініш иелеріне материалдық көмек көрсетілді. Сондай-ақ жолдасына жұмыс сұраған Рахат ауылының тұрғынына қазіргі таңда сұранысқа ие жұмыс орындары ұсынылды, делінген Маңғыстау облыстық ассамблеяның таратқан ақпаратында.