Бүгін Жаңаөзен қаласында екі адам газдан уланып қайтыс болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
«Кезекшіге сағат 09:00-де қоңырау түскен. Жаңаөзенде жеке тұрғын үйде газбен уланудан оқиға орнында 1965 жылғы ер адам мен 1969 жылғы әйел адам қайтыс болды», - делінген Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Жаңабаевтың айтуынша, қазіргі мәлімет бойынша қайғылы жағдайға жылыту пешін пайдалану ережесін сақтамау себеп болған.