Бұл туралы облыс әкімі С.Трұмов халықпен онлайн кездесуінде мәлімдеді. Аймақ басшысының айтуынша 8 жобаның ішіндегі маңыздылары: жылына 5 мың тонна тауық етін өндіретін құс фабрикасы мен 15 мың тонна құрама жем өндіретін зауыт.
Атап айтқанда:
1. Қуаттылығы жылына 5 мың тонна құс фабрикасын «АқтауАгро» ЖШС салып жатыр. Фабрика іске қосылған соң 91 жаңа жұмыс орны ашылады.
2.Қуаттылығы жылына 15 мың тонна құрама жем өндіретін «Жамалбек» ЖШС зауыты.
3.Қуаттылығы жылына 400 тонна «Астық» шаруа қожалығының өнім өндіретін жылыжай кешенін 1 га кеңейту жобасы (қияр, қызанақ),
4. «Хамзин» ЖК гидрапоника арқылы мал азығын дайындау жобасы,
5.Қуаттылығы жылына 100-200 тонна бау-бақша өнімдерін (қияр, қызанақ, және т.б. өнімдер) өндіретін «BS Строй» ЖШС 1 га жылыжай кешені жобасы,
6. Жаңбырлатып суару әдісімен 5 га жерге жоңышқа егу «Тайбурыл» шаруа қожалығы жобасы,
7. Сүт өндіру цехын іске асыру «Полимер ПластАқтау» ЖШС жобасы,
8. Азық-түлік қоймасы ЖК «Сармурзин» жобасы.
Сонымен қатар, өңірде жылыжай шаруашылығын дамытуға басымдық беріліп отыр. Жыл сайын жылыжай 7 гектарға ұлғайып келеді. Мәселен, Ақтау қаласының жылы жағажайында жалпы ауданы 60 га ірі жылыжайлар кешені құрылысын салу жоспарлануда. Жобаның іске асырылған кезде кемінде 13 мың тонна өнім алуға мүмкіндік болады. Бұдан бөлек, Түркия елінің инвесторымен ірі жылыжай құрылысын салуға алдын ала келіссөздер жүргізіліп жатыр.