Ақтауда карантинді сақтау бойынша мобильді топтар жұмысы жалғасып жатыр. Полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдері дүкендерді, сауда орталықтарын, мейрамханаларды және басқа да кәсіпкерлік субъектілерді тексеруде.
Ақтау қаласы әкімдігінің мониторингтік топтары қала бойынша сағат 11:00-17:00 аралығында рейдқа шықты.
Рейд барысында 13 нысан тексерілді. Нәтижесінде санитарлық талаптарды сақтамаған "Traveler`s Coffee"кофейня, “DONERIST”кафе, "Зам-Зам"кафе, “Алфара” кафе, “Мимино” кафе, “COFFEE RIVER” кофейня, ”ТРК Актау”, “LC WAIKIKI”, ТЦ “Ардагер” сауда орталықтары, ИП “Дюсенбаев”, БЦ “Отар”, “BeerSea” және “Мерси” барына акт толтырылды, делінген Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.