Вакциналау өмірімізді қалыпты арнасына қайтарады. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев видеоүндеуде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет вакциналау ісін жасырмайды. Керісінше біз оның жария түрде жүргенін құптаймыз. Ашықтық - қоғамдық өзара сенімді арттырудың ең тиімді тәсілі. Вакциналау өмірімізді қалыпты арнасына қайтарады. Маска тақпай-ақ қыдыратын, вирус жұқтырам деп қорықпай киноға, театрға, қонаққа баратын, қызмет көрсету саласы толықтай жұмыс істейтін күн жақын деп үміттенеміз. Бәрі де біздің қолымызда», - деді Дәурен Абаев.