Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық орталық «Әбіш қожа» мешіті жергілікті «Қоғамдық келісім» мекемесі өкілдерімен бірлесіп, «Қуанышты күн» атты ерекше қайырымдылық жобасын бастады.
Жоба аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар отбасыларға шаштараз қызметі (шаш қию, шаш күтімі т.б.) тегін көрсетіледі.
«Апта сайын кем дегенде 10 отбасыға осындай қызмет түрін көрсетуді жоспарлап отырмыз. «Өзен Сауда» сауда орталығында орналасқан шаштараз қызметкерлеріне ерекше алғыс айтамыз. Сондай-ақ іс-шараға атсалысып, қол ұшын созған азаматтарға алғыс білдіреміз. Алла өмірлеріңізге береке, кәсіптеріңізге адалдық, отбасыларыңызға амандық нәсіп етсін!» деді «Әбіш қожа» мешітінің бас имамы Юнус Қадырқұлұлы.