Бұл туралы Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ерғазы Еділбаев – Түпқараған ауданына қарасты Таушық ауылының тұрғыны. Былтыр кәмелет жасына толған ол бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаты депутаттарының сайлауына қатысып, алғаш рет өз таңдауын жасады. Мемлекет үшін маңызы бар сайлауға алғаш рет қатысып, таңдаған партиясына дауыс берген Ерғазы өз замандастарын да сайлауға бей-жай қарамауға шақырады.
«Бүгін расымен де, ерекше күн. Өйткені, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде алғаш дауыс беру құқығымды пайдаланып тұрмын. Сайлау өз деңгейінде өтіп жатыр. Еліміздің болашағы үшін бей-жай қарамайтын барлық замандастарымды дауыс беруге шақырамын. Әділ, ашық түрде өтіп жатқан сайлау біздің болашағымызды анықтаушы сәт»,- деді ол.