Нұр–Сұлтан қаласында өткен бокс кешінде Бекзат Нұрдәулетов жеңіске жетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Suleimen Promotions» промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кешінде Бекзат Нұрдәулетов (2-0, 2 КО) нигериялық боксшы Кабиру Товолавимен (13-3, 10 КО) жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен Бекзат жеңіске жетті. Бұл маңғыстаулық боксшының кәсіпқойдағы екінші жеңісі. Б.Нұрдәулетов кәсіпқой мен әуесқой бокста да өнер көрсетіп жүр.
Ал кештің басты жекпе–жегінде қазақстандық Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) мен Исса Самирмен (19-1, 16 КО) кездесіп, ганалық боксшы алғашқы рет жеңіліске ұшырады. Айдос өзіне тиесілі WBC Asian, WBA international және WBO Global титулдарын қорғап қалды.
Айбек МҰХАНОВ