«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында Маңғыстау ауданында орталық кітапхана салынды.
Жаңа нысанның құрылыс жұмыстары өткен жылдың соңында басталған. Құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындар тартылды. «Жалпы құны 190 млн 397 мың теңге. 2019 жылы республикалық бюджеттен 38 млн 956 мың теңге, жергілікті бюджеттен 1 млн теңге бөлініп, игерілен. 2020 жылы республикалық бюджеттен 134 млн 879 мың теңге, жергілікті бюджеттен 15 млн 511 мың теңгеге келісім шарт жасалған.
Кітапхана екіқабатты ғимарат, жалпы ауданы 966,7 шаршы метрді құрайды. Кітапхананың сыйымдылығы 50 мыңнан астам кітап қорын қамтиды. 50 оқырманға арналған оқу залы бар. Жаңа ғимараттың 1-ші қабатында директор мен қызметкерлерге арналған екі кабинет, өңдеу және толықтыру бөліміне арналған бөлме, кітап қорын сақтау бөлмесі мен оқырман қабылдау залы, архив бөлмесі, күзет бөлмесі, санузелдер бар. Екінші қабатында коворкинг залы, оқу залы және орталық кітапхананың кітап қорын сақтау бөлмесі етіп жабдықталған. Балалар кітапханасы да осы жаңа қонысқа орналастырылды. Кітапхана тек рухани қызмет көрсету мекемесі емес, ауыл тұрғындары үшін зияткерлік демалыс орнына айналатын болды, делінген МО ҚКО таратқан ақпаратта.