Ақтау қаласының № 3 қоғамдық көлігінің жолаушылары QR-коды арқылы төлем жасай алады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жолаушылар Homebank, Мой Beeline және SMSBUS мобильді қосымшасымен автобуста ілініп тұрған QR-кодты сканерлеп төлем жасай алады. Сондай-ақ, енді жол ақысын банк карталары арқылы да төлеуге болады.
Билайн абоненттері үшін 7-31 желтоқсан аралығында 50 пайыздық жеңілдік науқаны болады. Яғни, төленген жолақысының жартысы абонент нөмірінің балансына қайтарылады, - дейді Билайн компаниясының бас маманы Әсет Медресин.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН